АНОНС: 07 ЖЕЛТОҚСАНДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ ӨТКІЗЕДІ
27.11.17 15:30
/KASE, 27.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 07
желтоқсанында компаниялардың қаржы және заң бөлімшелері
қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" бағдарламасы бойынша оқу
өткізеді.
Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" АҚ ғимараты, 1-ші қабат; өткізу уақыты алматы уақытымен – сағат
14:00 –ден 18:00-ге дейін.
Қазақстанның басқа қалаларындағы тыңдаушылар үшін бейне
конференциялық байланыс арқылы қатысу мүмкіндігі бар. Ол үшін
қалаларыңыздағы Аймақтық кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңыз қажет.
Аталмыш мерекеге қатысу - тегін.
Оқытудың мақсаты – листингілік компаниялардың отндық қор нарығы
туралы білімін көтеру. Оқыту бағдарламасы компанияның қаржы ағымдарын
басқаруда қор нарығы мен қаржы құралдарын пайдалану негіздері туралы іс
жүзінде білім алуына мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысу үшін 2017 жылдың 06 қарашасынан бастап,
customers@kase.kz мекен-жайына өтінім жіберіп, тіркелуі тиіс. Өтінімде
қызметкер жұмыс істейтін компанияның атауы, аты-жөні, лауазымы және
жұмыс істейтін бөлімінің атауы, сондай-ақ қызметкердің байланыс
мәліметтері көрсетілуі тиіс.
Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс істеу
бөлімі бастығының орынбасары Эльвира Сарсенбаеваға хабарласуға
болады: тел: +7 (727) 237 53 00 (вн. 1153); e.sarsenbayeva@kase.kz.
[2017-11-27]