"ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасы бағытына қарай ресей мұнайын тасымалдау туралы хабарлады

20.11.17 16:20
/KASE, 22.11.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана), төмендегі баспасөз хабарламасы туралы биржаға хабарлады: ... 2017 жылдың 16 қарашасында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекарасындағы «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесінің қабылдау-тапсыру бекетінде Ресей мұнайының алғашқы партиясы қабылданды. Қабылданған мұнай Қазақстан Республикасы арқылы Өзбекстан бағытына транзиттеледі. 2017 жылдың 16 қыркүйегінде бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы Негіздемелік келісімге сәйкес, 16 қарашадан бастап Ресей мұнайы «ҚазТрнасОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы Омск – Павлодар – Шымкент- Шағыр мұнай құю эстакадасы (теміржол цистерналарына құю) бағыты бойынша қабылдана бастады. ... Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында мына мекен-жайда жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_201117_1.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_201117_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2017-11-22]