2017 жылдың 28 тамызында "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

25.07.17 10:08
/KASE, 25.07.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE немесе Биржа) ресми тізімінде тұрған, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен, бұдан әрі – компания), 2017 жылдың 28 тамызында сағат 15:00-де компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы Қазақстан қор биржасына хабарлады. Аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселе: 1) компанияның 2016 жылға қаржылық есептілігін бекіту туралы; 2) компанияның 2016 жылға таза табысын бөлісу туралы; 3) 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденді туралы; 4) 2017 жылға компанияның аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын анықтау туралы; 5) Компанияның жарғысына өзгертулер мен толоықтырулар енгізу туралы; 6) акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгінулері туралы мәселелерін қарастыру; Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Өскемен қ., Жаңа Согра, компанияның оқу комбинатының ғимараты, 307 аудитория. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 14:00-ден басталады. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2017 жылдың 10 тамызындағы жағдай бойынша құрастырылатын болады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2017 жылдың 29 тамызында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен аталмыш жиналыстың өтуіне он күн қалғанға дейін компанияның орналасқан жерінде танысуына болады. [2017-07-25]