"HALYK FINANCE" АҚ "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ XS1713475132, US48669DAA00 (TMJLE6) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН АЛҒАШҚЫ ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

20.11.17 14:37
/KASE, 20.11.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің Еншілес ұйымы" "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыбында және әрі қарай - "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) төмендегі хабарламаны ұсынды: ... "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық Компаниясы" АҚ халықаралық облигацияларын шығару бойынша бірлескен букраннері болып табылатын "Қазақстан Халық банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ шет елдің заңына сәйкес шығарылған, номиналдық шығарылым көлемі 780 млн АҚШ доллары көлеміндегі, эмитенттің 10 жылдық еурооблигацияларын алғашқы орналастыру нәтижелері туралы хабарлады. 2017 жылдың 13 қарашасында Эмитент айналым мерзімі 10 жылдық, күтілетін номиналдық көлемі 780 АҚШ доллары көлемінде өзінің халықаралық облигацияларын сатып алуға жахандық өтінімдерді жинақтау өткізді. Қазақстан Республикасының аумағында өтінімдерді жинақтау KASE жахандық өтінімдерді инвесторлардан жинақтаумен жазылым жүргізу арқылы жүргізілді. Өтінімдерді жинақтауды аяқтаған соң сол күні Эмитент өтеу кірістілігі бойынша жылдық 4,80% кесімді бағаны белгіледі. Шығарылымның жалпы көлемі 780 млн АҚШ долларын құрады. KASE арқылы жазылым арқылы өздерінің өтінімдерін берген инвесторларға жалпы номиналдық көлемі 20,8 млн АҚШ доллары көлеміндегі (немесе шығарылым көлемінен 2,7%) облигациялар бөлінді. KASE жазылым арқылы берілген өтінімдердің жалпы көлемінің 20,8 млн. АҚШ долларын құрады, ол брокерслік-дилерлік компанияларға және олардың клиенттеріне 100% келді, ал инвесторлар хабарлаған өтеу кірістілігі жылдық 4,80% асқан жоқ. Сонымен, KASE арқылы берілген өтінімдерді Эмитент толық көлемде қанағаттандырды. Аталмыш қағаздар бойынша, сондай-ақ KASE арқылы - Euroclear жүйесі арқылы берілген қанағаттандырылған өтінімдердің есептеулері 2017 жылдың 17 қарашасында жүргізілді. ... Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1354440 мекен-жайында танысуға болады. [2017-11-20]