"СевКазЭнерго" АҚ KZ2C0Y01F426 (KZ2C00003846, SKENb2) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

20.11.17 12:19
/KASE, 20.11.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "СевКазЭнерго" АҚ (Петропавловск) KZ2C0Y01F426 (KZ2C00003846, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, SKENb2; 100 теңге, 1,0 млрд теңге; 20.11.16 – 20.11.17; жпартыжылдық купон, жылдық 13,00 %; 30/360) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты 2017 жылдың 20 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы хабарлайды. Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2016 жылдың 18 қарашасынан бастап "коммерциялық облигациялар" секторына енгізілген, 2017 жылдың 01 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "коммерциялық облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда- саттықтары 2016 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ашылған. [2017-11-20]