KASE қайталама нарығы секторындағы "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINB2) облигацияларының сауда-саттықтарын ашу шілденің 14-нен 20-на ауыстырылды

14.07.17 12:59
/KASE, 14.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) Басқармасының шешімімен "Фридом Финанс" (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, KASE альтернативтік сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.06.17 – 28.06.20; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) индекстелген облигацияларына жазылым ұзартылуына байланысты, олардың сауда-саттықтарын ашу 2017 жылдың 14 шілдесінен 20 шілдесіне ауыстырылды. Аталмыш облигациялардың KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулерінің дәлдігі облигацияның теңгемен көрсетілген "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін деп белгіленді. Аталмыш акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланған. [2017-07-14]