01 ШІЛДЕДЕН 14 ШІЛДЕГЕ ДЕЙІН ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINB2) ОБЛИГАЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

13.07.17 17:57
/KASE, 13.07.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе биржа) 2017 жылдың 01 шілдесінен 14 шілдесіне дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "Фридом Финанс" (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 28.06.17 – 28.06.20; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) облигацияларына жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілетіні туралы хабарлайды. Аталмыш акцияларға жазылым барысында сатушы ретінде эмитент (бұдан әрі – Сатушы) өкілденген. Орналастырылатын облигациялардың номиналдық көлемі – бір миллиард теңге. Өтінімде теңгемен көрсетілген, облигациялардың "таза емес" бағасы көрсетілуі тиіс. Қаржы құралдарының саны ретінде өтінімде облигациялардың саны көрсетілуі тиіс. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдерде жазылым жүргізуге акциялардың максималды санына шектеулер белгіленбеген. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 01 шілдесінен 10 шілдесіне дейін. Жазылым жүргізу кезінде бағалы қағаздардың коды – FFINb2. Жазылым аясында KASE сауда-саттық жүйесінде жабық тәсілмен берілген тек қана шектеулі өтінімдер қабылданады. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 17 шілдесі; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 18 шілдесі; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 19 шілдесі. Есеп айырысуларды "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ жүзеге асырады. Бағалы қағаздардың сатып алушылары бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарий" АҚ 2017 жылдың 13 шілдесінде алматы уақытымен сағат 09:00-ге дейін шоттарында болуын қамтамасыз етуі тиіс. Жазылымға қатысуға өтінімдерді биржаға "қор" санаты бойынша KASE мүшелері арқылы беруге болады. Санаттар бойынша KASE мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/ru/membership мекен-жайында жарияланған. Жазылым өткізу шарттарына сәйкес, аталмыш акциялардың эмитентіне ашылатын, инвестор туралы қосымша ақпараттың тізіміне келесідей мәліметтер кіреді: 1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлға болып табылатын инвестордың толық атауы; 2) жеке тұлғаның ЖСН немесе заңды тұлғаны БСН; 3) азаматтығы немесе, заңды тұлға соның заңнамасына сәйкес тіркелген, мемлекет; 4) жеке тұлғаны куәлендыратын / заңды тұлғаның тіркеуін растайтын құжаттың атауы мен деректемелері (тұрпаты, нөмірі, берілген күні және құжатты берген орган); 5) Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде бар, бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын, өзге ақпарат. Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/bonds/show/FFINb2 мекен-жайында жарияланған. Бағалы қағаздарға жазылу тәртібі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/rules_ipo.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-07-13]