"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ БАНКТІҢ ІРІ АКЦИОНЕРЛЕРІ "ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ІРІ САТЫП АЛУ-САТУ КЕЛІСІМ-ШАРТЫНА ҚОЛ ҚОЙҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

04.07.17 22:02
/KASE, 04.07.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2017 жылдың 04 шілдесінде баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Казкоммерцбанк" АҚ (бұдан әрі – "Банк") АҚ 2017 жылғы 3 шілдедегі баспасөз хабарламасына қосымша 2017 жылғы 2 маусымда ҚР үкіметімен (ҚР Қаржы Министрлігі тарапынан), ҚР Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – «ҚРҰБ»), «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ-мен (бұдан әрі – Самұрық-Қазына), «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-мен (бұдан әрі-ПКҚ), «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-мен (бұдан әрі –Халық Банкі), «БТА Банк» АҚ-мен (бұдан әрі – БТА Банк), «Казкоммерцбанк» АҚ-мен (бұдан әрі – Қазкоммерцбанк, Банк) және оның ірі акционері К.Х.Рақышев мырза арасында қол қойылған Шекті Келісімнің (бұдан әрі – Шекті Келісім) шартына сәйкес БТА Банк Қазкоммерцбанк алдындағы займ бойынша 2,4 трлн теңге көлемінде қарызды өтегені туралы хабарлайды. Шекті Келісімнің шартына сәйкес аталған қаражат бірден келесі мақсаттарға ббағытталды: • Банктің ағымдағы өтімділігін қолдауға тұрақтандыру шаралары аясында Қазкоммерцбанкпен ҚРҰБ-тен 2016 жылғы желтоқсаннан бастап, бірнеше траншпен тартылған Банктің ҚРҰБ алдындағы 625 млрд теңге сомасындағы міндеттемелер өтелді. • 1 трлн теңге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық бағалы қағаздарына салынды. Бір мезгілде Банк 2017 жылғы 4 шілделде 202 млрд теңге сомасында бағалы қағаздармен РЕПО операциялары бойынша өз міндеттемелерін өтеді. Сонымен қатар, 2017 жылғы 1 шілдеде Банк 2014 жылғы 31 желтоқсандағы БТА Банк акцияларын сату-сатып алу келісімшарты бойынша 41 млрд теңге сомасында Самұрық Қазына алдындағы өз қарызын өтеді. Аталған операциялар аясында Банктің ашық валюталық позициясын теңестіру үшін Қазкоммерцбанк ҚРҰБ-пен сомасы 1 трлн теңгені құрайтын 1 жылға валюталық айырбас (своп) мәмілесін жасады. Ал 570 млрд теңгеге жуық көлемдегі өтімділіктің қалдығы Қазкоммерцбанкке өз міндеттемелерін бұрынғы тәртіп бойынша орындауға, операциялық қызметін жалғастыруға, сондай-ақ экономиканы, шағын және орта бизнесті, бөлшек сауда клиенттерін кредиттеу үдерісін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Шекті Келісімнің шарттарына сәйкес Халық Банкімен және ҚРҰБ-мен Қазкоммерцбанкті кешенді тексеру нәтижелерінің есебімен Банк 2017 жылғы 4 шілдеде өз активтерінің таза құнын шамасы 550 млрд теңге көлеміндегі жалпы сомаға түзетті. Аталған түзету Банктің өз капиталы есебінен орындалды. Мұнда БТА Банк қарызының 64,8 млрд теңге көлемінде шығарылып тасталған қалдығы мен Банктің жеке капиталы есебіндегі ПКҚ- ның ағымдағы салымы бойынша 250 млрд теңге көлемдегі дисконттың номиналды мөлшерлемесінің 5,5%-дан 0,1%-ға дейін өзгертілуі мен 2037 жылғы 1 шілдеге дейін салым мерзімінің ұзартылуы көрсетілген. Жоғарыда өткізілген операциялардың нәтижесінде Қазкоммерцбанк активтерінің таза құны нөлге жақындады. Шекті Келісімге сәйкес келесі қадам ретінде Қазкоммерцбанкке капитал құюмен Халық Банкімен Банктің жай акцияларының 96,81% сатып алу мәмілесінің жабылуы болып табылады. Осылайша банк секторын сауықтыру бойынша қабылданған мемлекеттік шаралардың нәтижесінде жүйелік тәуекелдер айтарлықтай төмендеп, елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен кредиттеу қабілеттілігін қалпына келтіруге қамтамасыз етеді. цитата соңы [2017-11-17]