"Delta Bank" АҚ Қазақстан қор биржасының "валюталық" және "қор" санаты бойынша мүшеліктен шығарылды

10.11.17 15:15
/KASE, 10.11.2017/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Биржалық кеңесінің шешімімен "Delta Bank" АҚ 2017 жылдың 10 қарашасынан бастап биржаның "валюталық" және "қор" санаты бойынша мүшелігінен шығарылды. Яғни, "Delta Bank" АҚ бұдан кейін биржаның мүшесі болып табылмайды және шет ел валютасымен биржалық сауда-саттыққа қатыса алмайды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2017 жылдың 02 қарашасындағы қаулысына сәйкес, бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігінің 2016 жылдың 24 қазанындағы №2131 лицензиясын кері қайтарып алды Қазақстан Республикасы ұлттық банкі басқармасының 2017 жылдың 02 қарашасындағы қаулысы негізінде қор нарығының мүшелігінен шығару туралы ресми хаты және "Мүшелік туралы қағида" KASE ішкі құжатының 12 бабы 3) және 4) тармағы 1) тармақшасына сәйкес қабылданды. [2017-11-10]