"Bank RBK" Банкі" АҚ Қазақстан Республикасының банк секторында қаржылық тұрақтылықты арттыру бағдарламасына қатысаты туралы және Банктің Директорлар кеңесінің төрағасы етіп Торстен Полды сайлағаны туралы хабарлады

07.11.17 16:40
/KASE, 07.11.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы), 2017 жылдың 07 қарашасында баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Bank RBK»АҚ(бұдан әрі– Банк) 2017 жылдың 7 қарашасында Алматыда өткен кезектен тыс жалпы жиналыс барысында, Банк акционерлері Bank RBKҚР Ұлттық Банкімен жүзеге асырылатын банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру Бағдарламасына қатысуы үшін дауыс бергенін хабарлайды. Одан бөлек, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен директорлар Кеңесінің мүшесі – Банктің тәуелсіз директоры болып Торстен Пол сайланды. Одан кейін Банктің директорлар Кеңесінің шешімімен Торсен Пол «Bank RBK» АҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Пол мырзаны тағайындау «Bank RBK» АҚ, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банк пен «Қазақмыс» компаниялар тобы арасында қол қойылған шекті келісім шегінде жүргізілді. Халықаралық банктерде 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне ие Пол мырза Банк жұмысына қаржылық институтты жаңғырту мен қалпына келтіру және алда Қазақстанның ең орнықты, тұрақты және сенімді банктерінің біріне айналуы мақсатында қажетті құзіреттілікті Банк жұмысына енгізеді. Топ-менеджмент командасын күшейту Банкке одан әрі даму артықшылықтарын анықтауға және дәйекті түрде акционерлермен қойылған барлық міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. БАҚ үшін байланыс: "Bank RBK" АҚ баспасөз хабарламасы Тел.: +7(727) 330-90-30, вн.: 1518 shen_v@bankrbk.kz akhremushkin_v@bankrbk.kz www.bankrbk.kz цитата соңы [2017-11-07]