/ҚАЙТАЛАУ/ "HALYK FINANCE" АҚ 2017 ЖЫЛДЫҢ 06 ҚАРАШАСЫНДА "ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ" ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ" АҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫНЫҢ МҮМКІН ШЫҒАРЫЛЫМЫ АЯСЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ҮШІН ПРЕЗЕНТАЦИЯ ӨТКІЗЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАДЫ

06.11.17 10:46
/KASE, 06.11.2017, 01.11.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада және әрі қарай – "Halyk Finance" АҚ), төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: ... ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫНАН ТЫС ЖЕРЛЕРДЕ МҰНДАЙ ӘРЕКЕТ ЗАҢСЫЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА НЕМЕСЕ ЖАПОНИЯ, КАНАДА ЖӘНЕ АВСТРАЛИЯНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ТҰЛҒАСЫ НЕМЕСЕ РЕЗИДЕНТІНЕ ТАРАТУҒА НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАУҒА ЖАТПАЙДЫ Бұрын хабарлағандай, Қазақстан Республикасындағы мемлекетке 100% тиесілі ұлттық көлік және логистикалық операторы "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ ("КТЖ"), J.P. Morgan және Renaissance Capital бірлескен Жахандық Букраннері ретінде Halyk Finance, J.P. Morgan, MUFG және Renaissance Capital 2017 жылдың 31 қазанынна бастап Қазақстанда, АҚШ-та және Еуропада инвесторлармен кездесулер сериясын ұйымдастыруға уәкілеттік берді. Нарықтық жағдайларға байланысты, АҚШ долларымен деноминацияланған үлкен қамтамасыз етілмеген облигациялар шығарылуы мүмкін, күтілетін мерзімі 10 жылдан 15 жылға дейін, "Reg S / 144A" Ережесі бойынша шығарылған, күтілетін рейтингі "Baa3" (Moody’s) және "BBB-" (Fitch). Алда келе жатқан орналастыру аясындағы мәселелер бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін және презентацияға қатысу үшін тіркелу үшін келесі өкілдерге "Halyk Finance" АҚ және "Қазақстан қор биржасы" АҚ өкілдеріне жүгінуге болады: Фархад Охонов, тел. +7 (727) 357-31-69, e-mail: F.Okhonov@halykfinance.kz Санжар Оспанов, тел. +7 (727) 357-31-77 (вн. 3327), e-mail: S.Ospanov@halykfinance.kz "Қазақстан қор биржасы" АҚ, тел. +7 (727) 237-60-19, e-mail: customers@kase.kz ... [2017-11-06]