"Qazaq Banki" АҚ банк акцонерлерінің банктің дамуына 60,0 млрд теңге бөлетіні туралы хабарлады
03.11.17 15:50
/KASE, 03.11.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Qazaq Banki" АҚ (Алматы), 2017 жылдың 03 қарашасында
баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
"Bank RBK" АҚ төңірегіндегі оқиғалар салдарынан Qazaq Banki қаржылық
ахуалы жайлы жекелеген негізсіз сыбыстарға байланысты "Qazaq Banki" АҚ
былай деп хабарлайды.
"Qazaq Banki" АҚ акционерлерінің "Bank RBK" АҚ-мен бірігу жөніндегі
келіссөздерді тоқтатқаны белгілі алдында жарияланған қосылу жөніндегі
мәмілелерді техникалық іске асыру жүрмеді. Банк жеке қаржы институты
ретіндегі даму стратегиясын жалғастыруда.
Qazaq Banki акционерлері үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында
жалпы 5,4 млрд теңгесомасына үстеп капиталдандыруды жүзеге асырды,
қажетіне қарай Банкті одан әрі қолдауға дайын және осы мақсатта 60 млрд
теңге мөлшерінде қор қалыптастырды.
"Qazaq Banki" АҚ Басқарма Төрағасы Ғани Тоқсанбаев: "Қазіргі күні нарықта,
негізінде, екінші ондық банктеріне қатысты алғанда белгілі бір шиеленіс
байқалады. Былтырғы жылдың соңында Қазинвестбанктің лицензиясынан
айрылуы салдарынан осыған ұқсас жайт орын алғанын еске салғым келеді.
Ол кезде акционерлер жеке қаражатының шамамен 40 млрд теңгесін
салғанын қоса алғанда, Qazaq Banki-не қосымша өтімділік тартқан болатын.
Мұндай қолдау Банктің 2016 жылды оң нәтижелермен аяқтауына мүмкіндік
берді. Қазіргі жағдайда да акционерлердің уақытында жасалған қолдауы
Банктің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететініне және клиенттер
тарапынан сенім деңгейін арттыратынына сенімдіміз", - деді.
Қазіргі уақытта Qazaq Banki клиенттер алдындағы барлық міндеттерін толық
орындауда және ҚР Ұлттық Банкінің пруденциялық нормативтерін сақтайды.
Халықаралық шкала бойынша S&P халықаралық агенттігі берген қаржы
институтының рейтингі 2014 жылда бері «В-» деңгейінде өзгеріссіз қалып
отыр.
Банк қарқынмен дамуын және басты қаржы көрсеткіштерін жүйелік
өзгертуді, ҚР өңірлеріндегі орналасу географиясын кеңейтуді, сондай-ақ
Qazaq Banki клиенттері үшін барынша пайдалы әрі жайлы жағдайларды
қамтамасыз ету мақсатында жаңа иноовациялық жобаларды енгізуді
жалғастыруды ниет етіп отыр.
01.10.2017 жылға дейінгі ахуалы бойынша Банк активтері 451 млрд теңгені
құрады, соның ішінде кредиттік қоржын 348 млрд теңгеге жетті.
Міндеттемелер 405 млрд теңгені құрады. Банктің жеке капиталы 46 млрд
теңгені құрап отыр, соның ішінде жарғылық капитал 39 млрд теңге. 2017
жылғы 9 ай ішіндегі қаржылық нәтиже 1 462 млн теңгемөлшерінде
қалыптасты.
Филиалдық желі Астана, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қаскелең,
Тараз, Шымкентқалаларында ұсынылған.
"Qazaq Banki" АҚ PR-қызметі
Андрей Егорин
+7 (727) 380 39 51 (вн.00728)
+7 777 773 1099
A_yegorin@qazaqbanki.kz
цитата соңы
[2017-11-03]