Ұлттық Банк "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ 350,0 млн теңге қаржыға "Seven Refractories Asia" ЖШС несие желісін ашқаны туралы хабарлады

01.11.17 15:30
/KASE, 01.11.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) биржаға төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк және өңдеу өнеркәсібіндегі "Seven Refractories Asia" ЖШС компаниясы 350 миллион теңге мөлшерінде қаржыландыру тарту бойынша мәміле жасасты. "Seven Refractories Asia" ЖШС отқа төзімді заманауи материалдар шығаруға мамандардырылған «Seven Refractories» халықаралық тобына кіреді. Мәміле "Өндіріс" бағдарламасы бойынша "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қолдауына ие болды. "Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі сеніммен дамып келеді. Тек соңғы 6 айдың ішінде өнім шығару көлемі 6%-дан жоғарыға артты – дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. – Сбербанк бұл салаға белсенді түрде инвестиция салуда. Корпоративтік бизнестің несиелік портфелінің ширек бөлігі қосылған құны жоғары өндірістерге тиесілі. Seven Refractories Asia компаниясы бірегей өнім жасауға мамандандырылған, біз келешекте өндірістің дамитытын байқап отырмыз және компанияны серіктестеріміздің қатарында көруге қуаныштымыз". "Seven Refractories Asia" ЖШС компаниясы үшін жаңартылатын кредиттік желі ашылған болатын. 100 миллион теңге мөлшеріндегі бірінші транш 2017 жылдың қыркүйек айында берілді. Қаржы отандық өндірушілердің де, шет елдік өндірушілердің де ірі металлургия комбинаттарында қолданылатын отқа төзімді материалдың өндірісі үшін қажетті шикізат сатып алуға жұмсалады. "Seven Refractories Asia" ЖШС қызметін 2017 жылдың маусым айында бастады. Зауыттың иесі Еуропа нарығында 30 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқан Seven Refractories халықаралық холдингі болып табылады. Қазіргі кезде компанияның бөлімшелері Словенияда, Германияда, Австрияда, Италияда, Ресейде, Қазақстанда және Украинада ашылған. Штаб-пәтері Дивача словен қаласында орналасқан. www.sevenrefractories.com "Сбербанк" АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4-орынды алады. Бүгінгі таңда "Сбербанк" АҚ ЕБ-ның 83 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. цитата соңы [2017-11-01]