"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ KZ1С60570015 (KZ1С00001478, EXPA) жай акциялары 31 қазаннан бастап KASE ресми тізіміне балама сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізілді

31.10.17 17:22
/KASE, 31.10.17/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 26 қазанындағы шешімімен "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ (Атырау) KZ1С60570015 (ISIN – KZ1С00001478) жай акциялары KASE ресми тізіміне балама сауда- саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның бұл шешімі 2017 жылдың 31 қазанынан бастап, аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатына 2.2 қосымшасының 1 тармағының талабын орындауына байланысты, өз күшіне енді. Аталмыш акциялардың KASE сауда-саттықтарын ашу туралы қосымша жарияланады. Осы акцияларға EXPA қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Осы Акциялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет- сайтында жарияланған – http://www.kase.kz/ru/emitters/show/expa [2017-10-31]