Ұлттық Банк "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ 60,0 млн теңге қаржыға "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС несие делісін ашқаны туралы хабарлады

30.10.17 12:40
/KASE, 30.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы) биржаға төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Сбербанк "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС -не кредиттік желі ашты. Қаржыландыру табиғи былғарыдан жасалатын жоғары сапалы аяқ киім өндірісін жолға қоюға мүмкіндік береді. "Қазақстанда жеңіл өнеркәсіпті дамыту ресурстар мен өндірістердің себебінен улкен әлеуетке ие, - дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. – Ресми статистикаға сәйкес қазақстандық аяқ киім фабрикалары халықтың ішкі сұраныстарының тек 4%-ын ғана қамтамасыз етеді, ал қалған сұраныс импорт есебінен қамтылады. Біз "Қарағанды аяқ киім фабрикасымен" серіктестіктен үлкен үміт күтеміз және отандық өндірушінің масс-маркетте және сатып алушылардың көңілінде лайықты орын алатынына сенеміз". Мәміле "ДАМУ"Кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қолдауына ие болды. "Өндіріс" бағдарламасының талаптарына сәйкес заем бойынша сыйақы мөлшерлемесі 6%. "Қарағанды аяқ киім фабрикасы"Total Quality технологиясын қолдану арқылы жоғары сапалы жұмыс аяқ киімін 90% қазақстандық шикізаттан өндіреді. Жақын арады фабрикада көпшілікке арналған аяқ киім өндірісі іске қосылатын болады. Жоба шет елдік өндірушілердің импортталатын өнімдерін отандық өнімдермен алмастыруға керемет мүмкіндік береді. "Сбербанктің қаржылық көмегінің және мемлекеттің қолдауының арқасында біз жақында қосымша өндірістік желіні іске қосамыз. Біздің кәсіпорнымыз жоғары сапалы аяқ киім жасап шығаруға мүмкіндік беретін еуропалық жабдықпен қамтамасызданрылыған. Сонымен қатар, біздің өнімнің бағасы импорттық аналогтарға қарағанда әлдеқайда төмен болады",- дейді "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС директоры Серик Таласбеков. "Қарағанды аяқ киім фабрикасы" ЖШС 2011 жылы құрылған. Компанияның басты мақсаты – жұмысқа және азаматтарға арналған жоғары сапалы аяқ киім жасау. Бұл мақсатқа жету үшін компания аяқ киім өндірісінің бүкіл процессіне әсер ететін Total Quality жүйесіне негізделген өнеркәсіптік стратегия қабылдады. Әзірлеу мен өндіріске дейінгі барлық тізбекті бақылаудың қатаң процедурасы ақтық өнімнің сенімділігін толықтай кепілдендіруге мүмкіндік береді. Бұл экстремалды жұмыс жағдайларында клиенттердің денсаулығын қорғау үшін және қауіпсіздігі үшін жасалған. http://www.karobuv.kz/ "Сбербанк" АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4- орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 83 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. Евгений Круглик +7 (727) 266 35 68 (вн. 501237) Моб:+7 707 75 00 681 e-mail: yevgeniy.kruglik@sberbank.kz цитата соңы [2017-10-30]