АНОНС: 08 ҚАРАШАДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ ӨТКІЗЕДІ

30.10.17 10:19
/KASE, 30.10.17, 27.10.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 08 қарашасында листингілік компаниялардың қаржы және заң бөлімшелері қызметкерлері үшін "Қор нарығының негіздері" бағдарламасы бойынша оқу өткізеді. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ ғимараты, 1-ші қабат; өткізу уақыты алматы уақытымен – сағат 13:30 –дан 18:00-ге дейін. Қазақстанның басқа қалаларындағы тыңдаушылар үшін бейне конференциялық байланыс арқылы қатысу мүмкіндігі бар. Ол үшін қалаларыңыздағы Аймақтық кәсіпкерлер палатасына хабарласуыңыз қажет. Аталмыш мерекеге қатысу - тегін. Оқытудың мақсаты – листингілік компаниялардың отндық қор нарығы туралы білімін көтеру. Оқыту бағдарламасы компанияның қаржы ағымдарын басқаруда қор нарығы мен қаржы құралдарын пайдалану негіздері туралы іс жүзінде білім алуына мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысу үшін 2017 жылдың 06 қарашасынан бастап, customers@kase.kz мекен-жайына өтінім жіберіп, тіркелуі тиіс. Өтінімде қызметкер жұмыс істейтін компанияның атауы, аты-жөні, лауазымы және жұмыс істейтін бөлімінің атауы, сондай-ақ қызметкердің байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Эльвира Сарсенбаеваға хабарласуға болады: тел: +7 (727) 237 53 00 (вн. 1153); e.sarsenbayeva@kase.kz. Осы іс-шара туралы нақты ақпаратпен интернет- KASE сайтында – http://www.kase.kz/ru/events/show/2017/list_osnovi_november мекен-жайында танысуға болады. [2017-10-30]