Қазақстан қор биржасында 27 қазаннан бастап "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINb2) облигацияларымен саула-саттық жаңартылады

26.10.17 18:07
/KASE, 26.10.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) басқармасының шешімімен 2017 жылдың 27 қазаннан бастап, Қазақстан қор биржасында "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2) облигацияларымен сауда-саттық жаңартылады. Аталмыш облигациялармен сауда-саттық Қазақстан қор биржасында KASE Басқармасының шешіміне сәйкес 2017 жылдың 26 қазаныннан бастап тоқтатылды. Шешімге сәйкес, 2017 жылдың 26 қазанында болатын аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында шешім қабылданған жағдайда, аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулерді бекіту туралы шешімі, сауда-саттықты тоқтату мерзімі KASE аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына тиісті өзгертулер мен "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ оларды орналастыруды есепке алу жүйесінде жаңарту туралы есебін алған күннің ертесіне дейін ұзартылады. Сауда-саттықты жаңарту туралы шешім "Фридом Финанс" АҚ аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысының хаттамасын ұсынуға байланысты қабылданды. Оған сәйкес аталмыш жиналыс тиісті кворум болмағандықтан, өткізілмейтіндігі жарияланды. Бұрын осы тақырыпта KASE жаңалықтары жарияланған: - 2017 жылдың 26 қазанында "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINb2) облигацияларын ұстаушылардың 2017 жылдың 26 қазанындағы жалпы жиналысының хаттамасын ұсынды" – http://www.kase.kz/ru/news/show/1352185 - 2017 жылдың 16 қазанында "26 қазаннан бастап KASE будут "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINb2) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатылады" – http://www.kase.kz/news/show/1351198 [2017-10-26]