"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ KZ1С60570015 (KZ1С00001478, EXPA) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

26.10.17 16:01
/KASE, 26.10.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 26 қазанындағы шешімімен "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ KZ1С60570015 (ISIN – KZ1С00001478) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2017 жылдың 04 тамызындағы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, шешімімен "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ жарияланған акцияларының саны 100 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1С60570015 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6057 номерімен енгізілген. "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ қаржылық кеңесшісі "SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше EXPA қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ негізгі қызмет түрі: геологиялық барлау көмірқышқыл газын іздестіру болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-10-26]