/ҚАЙТАЛАУ/ 26 қазаннан бастап Қазақстан қор биржасында "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINb2) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылады

26.10.17 09:26
/KASE, 26.10.17, 16.10.17 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2016 жылдың 26 қазанынан бастап "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, KASE балама сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2) облигацияларының сауда-саттықтары уақытша тоқтатылды. Аталмыш шешім Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар туралы" 18-2 заңының 6-бабына сәйкес қабылданды. KASE басқармасының шешіміне сәйкес, 2017 жылдың 26 қазанында өтетін аталмыш облигацияларды ұстаушылардың жалпы жиналысында аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді бекіту туралы шешім қабылданған жағдайда, сауда-саттықты тоқтату мерзімі KASE аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына тиісті өзгертулерді алған күнен кейін және оларды орналастыру және айналым жүйесінде жаңарту туралы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ растау алған күннің ертесіне дейін ұзатыралады. Қазақстан қор биржасында сауда-саттық аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасына өзгертулерді және оларды орналастыру және айналым жүйесінде жаңарту туралы "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ растау алғаннан соң KASE келесі жұмыс күні жаңартатын болады. Бұрын осы тақырыпта 2017 жылдың 10 қазанында "Фридом Финанс" АҚ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINb2) облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысы болады" атты KASE жаңалығы жарияланды" – http://www.kase.kz/news/show/1350579 [2017-10-26]