"КазТрансГаз Аймақ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
16.10.17 11:49
/KASE, 16.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "КазТрансГаз Аймақ" АҚ ("КазТрансГаз Аймақ" АҚ , бұдан әрі
– компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017
жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C41310018 жай акцияларының жалпы саны 352 547 508
дана;
- компанияның 351 540 791 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ болып
табылады.
[2017-10-16]