"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
13.10.17 14:13
/KASE, 13.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания)
биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01
қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847
дана, KZ1P05340115 артықшылықты акциялар саны – 1 250 дана;
- компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- компания өзінің 23 671 502 акциялары кері сатып алды;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ болып табылады,
оның меншігінде 118 644 006 жай акциясы (компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының
жалпы санынан 83,37%) бар.
[2017-10-13]