"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2017 жылдың 01 қарашасынан бастап "Caspi Bitum" БК ЖШС тарифін арттырғаны туралы хабарлады

11.10.17 15:22
/KASE, 11.10.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (Астана), төмендегіі туралы биржаға хабарлады. цитата басы "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ") "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ-дан алынған хатқа сәйкес 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап "Caspi Bitum" БК ЖШС-де мұнайды өңдеу тарифі тоннасына 12 258 теңгеден тоннасына 18 000 теңгеге дейін ұлғайтынын хабарлайды. ҚМГ БӨ акциялары пакетінің 50-ын иемденетін "Қаражанбасмұнай" АҚ ("CCEL") өңдеу үшін мұнайды "Caspi Bitum" БК ЖШС-не жеткізеді. 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында битум зауытына жеткізу көлемдері 294 мың тонна мұнайды құрады. "ҚМГ БӨ" АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33) Сәкен Шошанов e-mail: ir@kmgep.kz "ҚМГ БӨ" АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87) Бақдәулет Төлеген e-mail: pr@kmgep.kz Finsbury (+44 (0) 20 7251 3801) Dorothy Burwell e-mail: KMGEP@finsbury.com цитата соңы [2017-10-11]