"ҚазАгроФинанс" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
09.10.17 14:29
/KASE, 09.10.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "ҚазАгроФинанс" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C41590015 жай акцияларының жалпы саны 82 837 204
дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2017-10-09]