"Эксимбанк Казахстан" АҚ Fitch Ratings рейтингілік агенттігі банктің бастамасы бойынша KZP01Y10E988 (KZ2C00003325, EXBNb4) банктің және оның облигацияларының рейтингілік бағасын кері қайтарып алғаны туралы хабарлады

06.10.17 16:45
/KASE, 06.10.17/ – Бағалы қағаздары қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Эксимбанк Казахстан" АҚ (Алматы, әрі қарай цитатада – Банк), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегіні хабарлады: цитата басы 2017 жылдың 02 қазанында Fitch халықаралық рейтингілік агенттігі Банктің рейтингін коммерциялық себептерге байланысты кері қайтарып алды: Эмитент дефолтының шет елдік және ұлттық валютамен ұзақ мерзімді рейтингін "ССС" деңгейінде растады; Эмитент дефолтының шет елдік валютамен қысқа мерзімдік рейтингін "С" деңгейінде растады; Ұлттық ұзақ мерзімді рейтингін "В(kaz)" деңгейінде растады; Басымды қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингін "ССС" (ҰСН KZP01Y10E988, ISIN KZ2C00003325) деңгейінде растады. цитата соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/EXBN/exbn_review_rating_051017.pdf мекен- жайында жарияланған. [2017-10-06]