АНОНС: 05 ҚАЗАНДА KASE "КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ ӨТКІЗЕДІ

04.10.17 17:01
/KASE, 04.10.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 05 қазанында IFC Kazakhstan, "Governance & Management Consulting" ЖШС, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп "Корпоративтік басқару негіздері" бағдарламасы бойынша оқу өткізеді. Өтетін орны: Алматы қ, Гоголь көшесі, 111, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, 1-қабат. Өткізу уақыты алматы уақытымен – сағат 09:30 –дан 13:00-ге дейін. Аталмыш мерекеге қатысу - тегін. Бағдарлама лекторлары: IFC Kazakhstan, "Governance & Management Consulting" ЖШС, сондай-ақ KASE қызметкерлері болып табылады. Тыңдаушылар корпоративтік басқару саласында халықаралық ағымдық трендтер туралы білуге, корпоративтік басқару жүйесін құру процесінде жіберілген негізгі қателіктерді талдауға, сондай-ақ компанияны басқару тиімділігін қалай арттыру туралы білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Оқыту бағдарламасы отандық қор нарығында және кәсіпкерлік құзіретін дамытуда ақпараттылығын арттыру бойынша KASE бастамасымен өткізіледі. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Эльвира Сарсенбаеваға хабарласуға болады: тел: +7 (727) 237 53 00 (вн. 1153); e.sarsenbayeva@kase.kz. [2017-10-04]