"Астана Банкi" AҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

04.10.17 11:03
/KASE, 04.10.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Астана Банкi" AҚ ("Астана Банкi" AҚ, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C56630011 жай акцияларының жалпы саны 100 000 000 дана; - банктің 36 081 627 жай акциялары орналастырылған; - банк өзінің 2 881 835 акциялары кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға О.Т.Тоқтаров болып табылады, оның меншігінде 18 903 994 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 56,94% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 52,39%) бар. [2017-10-04]