"ЛОГИКОМ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

03.10.17 10:07
/KASE, 03.10.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2017 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C48640011 жай акцияларының жалпы саны 3 815 240 дана; - компанияның 2 099 264 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS8 HOLDING B.V. болып табылады. [2017-10-03]