"Capital Group" арнайы қаржы компаниясы" ЖШС KZ2P0Y05F556 (KZ2P00003957, CPGRb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 29 қыркүйектен бастап енгізілді

29.09.17 17:36
/KASE, 29.09.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі шешімімен "Capital Group" арнайы қаржы компаниясы" ЖШС (Алматы) KZ2P0Y05F556 (KZ2P00003957; 43 299,62 теңге, 4 329 962 000,00 теңге; 29.09.17 – 29.09.22; ай айынғы купон, жылдық алғашқы 48 айға 35,80 %, 30/360) кепілдігімен шығарылған облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді: Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 29 қыркүйегінен бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2) тармақшасының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларының өкілі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. "Capital Group" арнайы қаржы компаниясы" ЖШС қаржылық кеңесшісі "BCC Invest" - "Банк ЦентрКредит" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы). Аталмыш облигацияларға тиісінше CPGRb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/cpgr мекен-жайында танысуға болады. [2017-09-29]