"БАСТ" АҚ KZ2C0Y03F588 (KZ2C00004034, BASTb1) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

21.09.17 17:47
/KASE, 21.09.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 21 қыркүйегіндегі шешімімен "БАСТ" АҚ KZ2C0Y03F588 (KZ2C00004034; 1 000 теңге; 1,7 млрд теңге; 3 жыл; жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %; 30/360) облигациялары KASE балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "БАСТ" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болып табылады. "Capital Group" арнайы қаржы компаниясы" ЖШС негізгі қызмет түрі – секьюритизация мәмілесін жүзеге асыру болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше BASTb1 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-09-27]