"БАСТ" АҚ KZ2C0Y03F588 (KZ2C00004034, BASTb1) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына 22 қыркүйектен бастап енгізілді

22.09.17 17:19
/KASE, 22.09.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "БАСТ" АҚ (Алматы) KZ2C0Y03F588 (KZ2C00004034; 1 000 теңге; 1,7 млрд теңге, 22.09.17 – 22.09.20; жартыжылдық купон, жылдық 14,00 %, 30/360) кепілдігімен шығарылған келесі облигациялары KASE ресми тізімінің "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 22 қыркүйегінен бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2) тармақшасының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. "БАСТ" АҚ қаржылық кеңесшісі "Фридом Финанс" АҚ (Алматы). Аталмыш облигацияларға тиісінше қысқартылған белгілері BASTb1 (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/bast мекен-жайында танысуға болады. [2017-09-22]