2017 жылдың 31 шілдесінде "Казкоммерцбанк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болып өтеде

28.06.17 18:01
/KASE, 28.06.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк), 2017 жылдың 31 шілдесінде сағат 11:00-де банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы келесі күн тәртібімен болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: 1) банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту; 2) банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату туралы; 3) банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау; 4) банктің Директорлар кеңесінің өкілеттілік мерзімін анықтау; 5) банктің Директорлар кеңесі мүшелерін сайлау; 6) Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақылар мен өтемақылық төлемдердің мөлшері мен төлеу шарттарын анықтау; 7) банкпен айрықша қарым-қатынастармен байланысты тұлғаларға (тұлғаларда) ұсынылған (орналастырылған), активтерге қатысты шарттары талап ету құқығынан бас тартуды қарастыратын, банк мәмілелер жасасқаны туралы акционерлердің жалпы жиналысын ескерту туралы сұрақты қарау. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., әл-Фараби д-лы, 34а. Осы жиналысқа қатысушыларды тіркеу сағат 10:30-дан басталады. Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылдың 30 маусымындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда банк акционерлерінің қайталама жиналысы 2017 жылдың 01 тамызында сағат 11:00-де жоғарыда аталмыш мекен- жайда бөткезіледі. Хабарламаның толық мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған: - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120717_1.pdf – орыс тілінде; - http://www.kase.kz/files/emitters/KKGB/kkgb_reliz_120717_eng.pdf – қазақ тілінде. [2017-06-28]