26 МАУСЫМДА "АСТАНА БАНКІ" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) ЖАЙ АКЦИЯЛАРЫНА ЖАЗЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ САҒАТ 19:00-ГЕ ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

26.06.17 18:05
/KASE, 26.06.17/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (әрі қарай - KASE немесе биржа) шешімімен "Астана Банкі" АҚ (Алматы) KZ1C56630011 (KZ1С00001023, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ABBN) жай акцияларын сатып алуға өтінім қабылдау уақыты 2017 жылдың 26 маусымында сағат 19:00-ге дейін ұзартылды. Аталмыш шешім KASE Басқармасының "Бағалы қағаздарға жазылым жүргізу ережесі" атты Ішкі құжатының 2 бабы 7 тармағы негізінде, биржа аталмыш акцияларға жазылым кезінде сатушы ретінде қатысатын "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) жазбаша өтінім алуына байланысты, биржа мүшелерінен өтінім қабылдауды 2017 жылдың 26 маусымына сағат 17:00- ден 19:00-ге дейін ауыстыру туралы жазбаша өтінім алуына байланысты қабылданды. Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні – 2017 жылдың 27 маусымы; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 28 маусымы; есептесулерді жүзеге асыру датасы – 2017 жылдың 29 маусымы. KASE Басқармасының шешімімен "Астана Банкі" АҚ (Алматы) KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) жай акцияларын сату шарттары KASE 2017 жылдың 26 маусымындағы KASE /өзгертілді/ 12 маусымнан 26 маусымға дейін Қазақстан қор биржасында "Астана Банкі" АҚ KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) жай акцияларына жазылым жүргізіледі атты – http://www.kase.kz/ru/news/show/1340219 жаңалығында жарияланды. Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/shares/show/ABBN мекен-жайында жарияланған. [2017-06-26]