/KASE, 26.06.17/ – Қазақстан қор биржасы Басқармасының (әрі қарай - KASE
немесе биржа) шешімімен "Астана Банкі" АҚ (Алматы) KZ1C56630011
(KZ1С00001023, KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, ABBN) жай
акцияларын сатып алуға өтінім қабылдау уақыты 2017 жылдың
26 маусымында сағат 19:00-ге дейін ұзартылды.
Аталмыш шешім KASE Басқармасының "Бағалы қағаздарға жазылым
жүргізу ережесі" атты Ішкі құжатының 2 бабы 7 тармағы негізінде, биржа
аталмыш акцияларға жазылым кезінде сатушы ретінде қатысатын "Фридом
Финанс" АҚ (Алматы) жазбаша өтінім алуына байланысты, биржа
мүшелерінен өтінім қабылдауды 2017 жылдың 26 маусымына сағат 17:00-
ден 19:00-ге дейін ауыстыру туралы жазбаша өтінім алуына байланысты
қабылданды.
Сатушыға биржамен қабылданған өтінімдер тізілімін беру күні –
2017 жылдың 27 маусымы; Сатушының биржаға қанағаттырылған өтінімдер
тізілімін беру датасы – 2017 жылдың 28 маусымы; есептесулерді жүзеге
асыру датасы – 2017 жылдың 29 маусымы.
KASE Басқармасының шешімімен "Астана Банкі" АҚ (Алматы)
KZ1C56630011 (KZ1С00001023, ABBN) жай акцияларын сату шарттары
KASE 2017 жылдың 26 маусымындағы KASE /өзгертілді/ 12 маусымнан 26
маусымға дейін Қазақстан қор биржасында "Астана Банкі" АҚ KZ1C56630011
(KZ1С00001023, ABBN) жай акцияларына жазылым жүргізіледі атты –
http://www.kase.kz/ru/news/show/1340219 жаңалығында жарияланды.
Бағалы қағаздарға жазылым өткізу ережелері KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/shares/show/ABBN мекен-жайында жарияланған.
[2017-06-26]