"Қазақстан Даму Банкі" АҚ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы банкаралық бірлестігі трансшекаралық жобаларды іске асыруды қарастыратын Бірлестікті дамытудың орташа мерзімдік стратегиясын қабылдағаны туралы хабарлады

09.06.17 18:15
/KASE, 09.06.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), Қазақстан қор биржасына 2017 жылдың 09 маусымындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Астана қаласында а. ж. 8 маусымда "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) төрағалығымен өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігі (бұдан әрі - ШЫҰ БАБ, Бірлестік) Кеңесінің он үшінші отырысының қорытындысы бойынша орташа мерзімді перспективаға (2017- 2021 жж.) ШЫҰ БАБ одан әрі дамыту Стратегиясы қабылданды. Стратегия мақсаттары, атап айтқанда, трансшекаралық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, ШЫҰ кеңістігіндегі және Азия өңіріндегі халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту болып белгіленген. цитата соңы [2017-09-06]