"Halyk Finance" АҚ "КТЖ Финанс" ЖШҚ RU000A0JZS34 рублдік облигациялардың шығарылуына ұйымдастырушы болып сәтті қызмет атқарды

09.06.17 17:56
/KASE, 09.06.17/ – "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) кепілдігімен шыққан "КТЖ Финанс" ЖШҚ RU000A0JZS34 халықаралық облигацияларына жазылым жүргізу кезінде ұйымдастырушы және сатушысы болып табылатын "Қазақстан Халық Банкінің Еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы, тақырыптамада – "Halyk Finance" АҚ) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2017 жылдың 09 маусымында төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы 8 маусым "Қазақстан Темiр Жолы» Ұлттық компаниясы" ("КТЖ Финанс" ЖШҚ арқылы) өзінің дебюттік 5 жылдық рессей рублінде іріленген, жалпы көлемі 15 млрд рубль ($264 млн. жуық) және қос листингпен Москваның Биржасында ("MOEX") және Қазақстанның Қаржы Биржасында ("KASE") облигациясын сәтті орналастырды. Алғашқы жарияланған купон ставкасының бағдары жылдығы 8,85%-9,15% деңгейінде анықталған. Инвесторлардың өтінімдері бір мезгілде MOEX және KASE биржаларында жүргізіліп, өтінім жиналғанына үш сағат болған кезде жалпы өтінім кітабы 27 млрд рубльден асты. Бұл купон бойынша ставканың бағытын айтарлықтай, жылдығы 8,75%-9,00% дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Соңғы ориентир жылдығына 8,75% деңгейде орнатылды, бұл, сол деңгейдегі өтелудің табыстылығына сәйкес келеді. Бұл бірегей және инновациялық мәміле Қазақстан тарихында қазақстандық эмитенттің Ресей нарығында бірінші шығарылымы болып, және ТМД елдерінің тарихында Ресей нарығындағы шетелдік эмитенттің корпоративтік шығарылымы болғандықтан,өте табысты болып табылады. Өтінімдерді жинау кезіндегі білдірілген инвесторлардың әсерлі қызығушылығы мықты кредиттік тарихы бар жоғары сапалы эмитент ретіндегі ҚТЖ-ға деген сенімі мен, ҚТЖ және мәміле ұйымдастырушыларының, сондай ұйымдастырушы болып сәтті шыққан Halyk Finance жүргізген барлық мұқият, ықтиятты жұмысқа деген сенімнің нәтижесі болып табылады. цитата басы [2017-06-09]