Ұлттық Банк "Банк "Bank RBK" АҚ акцияларының шығарылым аңдатпасына өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді

05.09.17 16:39
/KASE, 05.09.17/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған АО "Банк "Bank RBK" АҚ (Астана, одан әрі- компания) акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген тіркелген өзгертулер мен толықтырулардың бұрынғысының орнына берілген, бағалы қағаздардың мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы 2017 жылдың 31 тамызындағы куәлігінің көшірмелерін биржаға ұсынды. Аталмыш құжаттарға сәйкес: - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҰБ) банктің аталмыш акцияларының шығарылым аңдатпасына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды тіркеді; - аталмыш куәлік компанияның жарияланған акцияларын шығарылымы саны ұлғаюына байланысты ауыстырылды; - банктің жарияланған KZ1C35450010 жай акциялары саны - 1 626 407 000 дана, KZ1P35450116 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана; - банктің акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3545 нөмірімен енгізілді; Компанияның акциялар шығарылымына енгізілген өзгертулер KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/INBN/inbnf9_izm_310817.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-09-05]