2017 жылдың 31 тамызынан бастап, KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында "Самұрық-Энерго" АҚ KZP01Y05F571 (KZ2С00003986, SNRGb2) облигациялары бойынша "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылды

31.08.17 11:47
/KASE, 31.08.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2017 жылдың 31 тамызындағы шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) KZP01Y05F571 (KZ2С00003986, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, SNRGb2; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 23.08.17 – 23.08.22; жартыжылдық купон, жылдық 13,00 %, 30/360) облигациялары номиналдық құнынан пайызбен көрсетілген, "таза" бағамен сауда-саттық режиміне ауыстырылды. Аталмыш облигациялардың дәлдігі "таза" бағамен төртінші ондық белгісіне дейін белгіленді. [2017-08-31]