/KASE, 21.08.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана) кепілдігімен шығарылған келесі
облигациялары KASE ресми тізімінің "облигациялар" санаты бойынша
енгізуге келісім берілді:
- KZP03Y15F510 (KZ2С00004000; 1 000 теңге, 8 836,0 млн теңге, 15 жыл,
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады,
30/360);
- KZP04Y13F519 (KZ2С00004018; 1 000 тенге, 8 836,0 млн тенге; 13 жыл,
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады,
30/360);
- KZP05Y11F518 (KZ2С00004026; 1 000 тенге, 8 836,0 млн тенге; 11 лет,
жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша арнайы
мамандандырылған сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады,
30/360).
Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 21 тамызынан
бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2)
тармақшасының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына
байланысты, күшіне енгізілді.
Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы
ашылғаны туралы қосымша хабарланады.
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ аталмыш облигацияларының өкілі Қазақстан
Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы) болып
табылады.
"Қазақстан Даму Банкі" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз"
("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы).
Аталмыш облигацияларға тиісінше BRKZb10, BRKZb11 және BRKZb12
қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді.
Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен
KASE интернет-сайтында
http://www.kase.kz/ru/emitters/show/brkz
мекен-жайында танысуға болады.
[2017-08-21]