"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ өзінің KZP03Y05E364 (KZ2C00003754, AZHKb3) облигациялары бойынша екінші купонын төлегені туралы хабарлады
28.08.17 16:55
/KASE, 28.08.17/ - "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы) 2017 жылдың 23
тамызында өзінің KZP03Y05E364 (KZ2C00003754, негізгі сауда-саттық алаңы KASE,
"облигациялар" санаты, AZHKb3) облигациялары бойынша екінші купондық сыйақысын
төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Аталмыш хабарламаға сәйкес төленген сыйақының мөлшері 345920165,00 теңгені
құрады.
[2017-08-28]