Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-240 (KZKDKY200027) екінші шығарылымын сату бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

24.08.17 09:17
/KASE, 24.08.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасы (KASE) KASE сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің мемлекеттік орта мерзімдік қазынашылық міндеттемелерінің (МЕУКАМ) KASE сауда-саттық жүйесінде, төменде берілген шарттар бойынша (Алматы уақытымен) сату өткізіледі деп хабарлайды. -------------------------------------------------------------------------- Қағаз тұрпаты: МЕУКАМ-240 Ұлттық идентификациялық нөмірі: KZKDKY200027 Шығарылымның реттік саны: 2 / 240 KASE сауда-саттық коды: MUM240_0002 Атаулы құны, теңге: 1 000,00 Айналымдағы облигация көлемі, дана: 102 750 000 Айналысқа жіберген күні: 12.05.14 Айналыста болудың соңғы күні: 11.05.34 Өтеу күні: 12.05.34 Айналыста болу мерзімі: 20 жыл (7 200 күн) Купондық мөлшерлеме: жылдық 8,07 % Купонды төлеу мерзімділігі: жылына 1 рет Купондық төлем күні: жыл сайын 12 мамырда Уақыттық базасы: 30 / 360 ------------------------------------------------ ------------------------- Сауда-саттық күні: 24.08.17 Өтеуге дейінгі мерзім: 16,7 жыл (6 018 күн) Орналастырудың жарияланған көлемі, млн теңге: 1 000,0 Лот көлемі, дана: 1 Сауда саттық заты: "таза" бағасы Нарықтық өтінімдерді қанағаттандыру дәрежесі, %: 0 Сатып алуға өтінім түрі: шектеулі Өтінім беру тәсілі: ашық Өтінімдер қабылдау уақыты: 09:00–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 09:00–11:30 (Т+0) Кесім уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Төлеу датасы: 24.08.17 Төлеу уақыты: 15:00 (Т+0) дейін Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді бағаға тең қарама -қарсы өтінімдердің шектеулі бағасы немесе сатып алушыға қолайлы баға бойынша Өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: бағалары кесім бағасынан төмен өтінімдер алынбайды Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "ҚР Ұлттық Банкі" ММ (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы MEKAM_ST3 Сауда-саттық жүйесі тобы MEUKAM_240 -------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Дәл осы көрсеткіш сауда-саттық заты болып табылады. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялардың саны мен бір облигацияның "таза емес" бағасына көбейтіндісі (сыйақысын қосқандағы) теңгемен көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі, http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_izm4.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған, облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Бастапқы дилерлер кестеде белгіленген уақытқа дейін, "Бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер бойынша есептесуді жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай шотта, (KASE қабылдаған өтінімдердің барлығы қанағаттандыруға жатады деген болжаммен) сатып алынған қазынашылық міндеттемелерге төлеуге жеткілікті соманың бар болуын қамтамасыз етуге міндетті. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы Қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods_kaz.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттық регламенті мен растау жүйесінің жұмысы http://www.kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://www.kase.kz/ru/gsecs/show/MUM240_0001 мекен-жайы бойынша жарияланған. [2017-08-24]