"Самұрық-Энерго" АҚ KZP01Y05F571 (KZ2С00003986, SNRGb2) және KZP02Y05F570 (KZ2С00003994, SNRGb3) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "Облигациялар" санатына 07 маусымнан бастап енгізілді

21.08.17 18:02
/KASE, 21.08.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 27 сәуіріндегі шешімімен "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) кепілдігімен шығарылған келесі облигациялары KASE ресми тізімінің "облигациялар" санаты бойынша енгізуге келісім берілді: - KZP01Y05F571 (KZ2С00003986; 1 000 тенге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 13,00 %, 30/360); - KZP02Y05F570 (KZ2С00003994, 1 000 теңге, 28,0 млрд теңге; 5 лет, тоқсандық купон, жылдық 12,50 %, 30/360). Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 21 тамызынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2) тармақшасының 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. "Самұрық-Энерго" АҚ қаржылық кеңесшісі "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы). Аталмыш облигацияларға тиісінше SNRGb2 және SNRGb3 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/snrg мекен-жайында танысуға болады. [2017-08-21]