"Шұбаркөл Премиум" АҚ KZ1С60530017 (KZ1С00001445, SHUP) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының "акциялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

18.08.17 17:50
/KASE, 18.08.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 18 тамызндағы шешімімен "Шұбаркөл Премиум" АҚ KZ1С60530017 (ISIN – KZ1С00001445) жай акциялары KASE негізгі сауда-саттық алаңының стандарт санаты бойынша листинг процедурасынан өтті. Эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2 қосымшасының 5 тарауы 1 тармағында анықталған шарттарды орындағаннан кейін күшіне енеді. Сондай-ақ, аталмыш акциялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағалы қағаздарды 2015 жылдың 20 маусымында мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес, "Шұбаркөл Премиум" АҚ жарияланған акцияларының саны 5 000 000 жай акцияға бөлінген, оған KZ1С60530017 ұлттық сәйкестендіру номері берілген. Шығарылым эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізбесіне A6053 номерімен енгізілген. "Шұбаркөл Премиум" АҚ қаржылық кеңесшісі SkyBridge Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш акцияларға тиісінше SHUP қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. "Шұбаркөл Премиум" АҚ негізгі қызмет түрі: барлау, өндіру, көмір өнімдерін сату, сатып алу болып табылады. Аталмыш акцияларды шығару туралы нақты ақпарат Листингілік комиссияның аталмыш шешімі күшіне енген соң KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-08-18]