"Самұрық-Энерго" АҚ KZP01Y05F571 (KZ2С00003986, SNRGb2) и KZP02Y05F570 (KZ2С00003994, SNRGb3) облигациялары Қазақстан қор биржасында "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

18.08.17 12:43
/KASE, 18.08.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 18 тамызындағы "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) облигациялары KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y05F571 (KZ2С00003986; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 5 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 13,00 %, 30/360); - KZP02Y05F570 (KZ2С00003994, 1 000 теңге, 28,0 млрд теңге; 5 жыл, тоқсандық купон, жылдық 12,50 %, 30/360). Аталмыш шешімнің өз күшіне ену датасы туралы, аталған эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 2.2. қосымшасы 5 тарауы 1 тармағының шарттары орындағаннан кейін, қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың биржадағы сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен 2017 жылдың 03 тамызында жалпы сомасы 100,0 млрд теңгеге тіркелген, "Самұрық-Энерго" АҚ облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымдары, сәйкесінше KASE листинг рәсімінен өткен, аталмыш эмитенттің "ішкі" облигацияларының екінші және үшінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың өкілі - "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы BCC Invest" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларды ұстаушылардың қаржылық кеңесшісі - ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ болып табылады. Аталған облигацияларға тиісінше SNRGb2 және SNRGb3 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпараттар Листингілік комиссияның шешімі өз күшіне енгеннен кейін, KASE интернет- сайтында жарияланады. [2017-08-18]