11 тамыздан бастап Сараптық комитет туралы қағидаға енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

14.08.17 18:18
/KASE, 14.08.17/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2017 жылдың 10 тамызындағы шешіміне сәйкес "Сараптық комитет туралы қағида" (Қағида) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 1 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) бекітіліп, осы түзетулер 2017 жылдың 11 тамызынан бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш түзетулер Қағиданы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасының 2016 жылдың 28 қаңтарындағы № 13 қаулысымен бекітілген, Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді айла- шарғы жасау мақсатында жасалғандығын мойындау және қор биржасының сараптық комитетінің жұмысын, сондай-ақ оның сандық құрамын қалыптастыру ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында енгізілген. Қағиданың жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет-сайтында жарияланады. [2017-08-14]