АНОНС: 17 ТАМЫЗДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚУ ӨТКІЗЕДІ

15.08.17 14:55
/KASE, 15.08.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2017 жылдың 17 тамызында листингілік компаниялардың қаржы және заң бөлімшелері үшін "Қор нарығының негіздері" бағдарламасы бойынша оқу өткізеді. Өтетін орны: Алматы қ, Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 8-ші қабат; өткізу уақыты алматы уақытымен – сағат 09:00 –дан 13:00-ге дейін. Аталмыш мерекеге қатысу - тегін. Оқытудың мақсаты – листингілік компаниялардың отндық қор нарығы туралы білімін көтеру. Оқыту бағдарламасы компанияның қаржы ағымдарын басқаруда қор нарығы мен қаржы құралдарын пайдалану негіздері туралы іс жүзінде білім алуына мүмкіндік береді. Іс-шараға қатысу үшін 2017 жылдың 15 тамызынан бастап, customers@kase.kz мекен-жайына өтінім жіберіп, тіркелуі тиіс. Өтінімде қызметкер жұмыс істейтін компанияның атауы, аты-жөні, лауазымы және жұмыс істейтін бөлімінің атауы, сондай-ақ қызметкердің байланыс мәліметтері көрсетілуі тиіс. Барлық сұрақтар бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс істеу бөлімі бастығының орынбасары Эльвира Сарсенбаеваға хабарласуға болады: тел: +7 (727) 237 53 00 (вн. 1153); e.sarsenbayeva@kase.kz. Осы іс-шара туралы нақты ақпаратпен интернет- KASE сайтында – http://www.kase.kz/ru/events/show/2017/list_osnovi мекен-жайында танысуға болады. [2017-08-15]