"Қазақстан Даму Банкі" АҚ 31 мамырда 20,0 млрд. Теңгеге KZP02Y05F512 (KZ2C00003903, BRKZb9) бес жылдық облигацияларын орналастырғаны туралы хабарлады

01.06.17 16:48
/KASE, 01.06.17/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Астана), 2017 жылдың 01 маусымында төмендегіі туралы хабарлады: цитата басы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) а. ж. 31 мамырда "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) сауда жүйесі арқылы жылдық 10,5% бекітілген жартыжылдық купонмен 20 млрд теңге сомаға бесжылдық облигациялар орналастырды. ҚДБ облигацияларын сатып алуға берілген өтінімдер көлемі ұсыныстан 35%-ға асып түсті. Шығарылым көлемінің 23,8% брокерлік-дилерлік ұйымдар мен олардың клиенттерінің, оның ішінде сақтандыру компанияларының, 35% - екінші деңгейдегі банктердің, 26,2% - "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, 15% - банктердің клиенттері. Шығарылымның андеррайтері «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ болды. "Банк ағымдағы жылы алғаш рет аталған облигацияларды табысты орналастырды және капитал нарығында институционалды инвесторлар мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары тарапынан теңге құралдарына аса қызығушылықтың болуының кезекті дәлелі болып табылады. Аталған орналастырудың табыс кепілі барынша нарықтық және бәсекелестік орналастыру мақсатында Банк пен қаржы консультанты және эмитент андеррайтері болған "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ жүргізген белсенді жұмыс болды", - деп баса айтты "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ басқарма төрағасы Жақсыбек Шыңғыс. 06 маусымда Банк KASE арқылы 30 млрд теңгеге дейін көлемде жетіжылдық облигациялар орналастыруды жоспарлап отыр. «Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені жақын арада төмендету бойынша болжалдар жағдайында, сондай-ақ орналастыру кезінде өтеуге табыстылық пен мемлекеттік бағалы қағаздар айналымы мерзімі арасындағы қазіргі уақытта қалыптасқан кері тәуелділікті ескере отырып, нарықтағы теңге өтімділігінің өсімі жағдайында инвестициялық қоғамдастық тарапынан өзінің жетіжылдық облигацияларын жоспарлы орналастыруға қызығушылықтың жоғары дәрежесін күтуге болады», - деп атап өтті Ж. Шыңғыс. цитата соңы Толық баспасөз-хабарламасы KASE интернет-сайтында – http://www.kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_040817_1.pdf мекен-жайында жарияланған. [2017-06-01]