Ferro-Alloy Resources Limited Компаниясы (Гернси) жеке инвесторлар арасында GG00BD3DTC15 (GG_FERR) 10 314 акцияларын орналастырғаны туралы хабарлады

09.08.17 17:45
/KASE, 09.08.17/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған Ferro-Alloy Resources Limited Компаниясы (Гернси) Қазақстан қор биржасына (KASE) ақпараттық хабарлама ұсынды: цитата басы Ferro-Alloy Resources Limited ("FAR" немесе "Компания") "Tengri Capital MB" АҚ қолдауымен "Аспандау" ғылыми-білім беру қорымен байланысты, жеке инвесторларға 10,314 акцияны жеке орналастыруды табысты аяқтағаны туралы хабарлайды. Акциялар бағасы Қазақстан қор биржасында (KASE) бұрын жарияланған IPO баға диапазоны аясында (бір акцияға 32,000-37,000 теңге) белгіленді. Компания Қазақстан қор биржасында IPO кезіндегі стратегияға сәйкес, старатегиялық және қаржы инвесторларымен Бала Сауысқандық кен орнында ванадий шығаруға жоғары технологиялық өндірісті дамыту үшін қаржы тарту жөнінде келіссөздерді жалғастыруда. Сондай-ақ Лондон қор биржасында осы жылдың соңында компания акцияларының листинг бойынша жоспарлары іске қосылуда. Өткен аптада ванадий бағасы, күткен трендті растай отырып, 30% дерлік өсті. цитата соңы [2017-08-09]