"KEGOC" АҚ KZP02Y15F289 (KZ2С00003978, KEGCb2) облигациялары KASE ресми тізімінің KASE негізгі сауда-саттық алаңының "комерциялық облигациялар" санатына 08 тамыздан бастап енгізілді

08.08.17 17:02
/KASE, 08.08.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2017 жылдың 19 шілдесіндегі шешімімен "KEGOC" АҚ (Астана) KZP02Y15F289 (KZ2С00003978; 1 000 теңге, 36,3 млрд тенге; 15 жыл, жартыжылдық купон – облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінің негізгі сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатына бойынша енгізуге келісім берілді. Листингілік комиссиясының аталмыш шешімі 2017 жылдың 08 тамызынан бастап, эмитенттің Листингілік ережелерінің 5 тарауының 1 тармағы 2.2 қосымшасында анықталған шарттарды орындауына байланысты, күшіне енгізілді. Сондай-ақ, аталмыш облигациялардың биржадағы сауда-саттығы ашылғаны туралы қосымша хабарланады. Аталмыш облигацияларды ұстаушы өкілі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға тиісінше KEGCb2 қысқартылған белгілері (сауда- саттық кодтары) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпаратпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/kegc мекен-жайында танысуға болады. [2017-08-08]