"ФРИДОМ ФИНАНС" АҚ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА ЖАЗЫЛЫМ АРҚЫЛЫ 976,9 МЛН ТЕҢГЕ KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, FFINB2) ИНДЕКСТЕЛГЕН ҮШ ЖЫЛДЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ЖЫЛДЫҚ 8% ОРНАЛАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ТАРТТЫ

21.07.17 15:43
/KASE, 21.07.17/ – Бұрын хабарлағандай, бүгін Қазақстан қор биржасының "Жазылым" жүйесінде (KASE немесе биржа) 2017 жылдың 01-17 шілде аралығында "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) KZP01Y03F543 (KZ2C00003945, KASE алтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" санаты, FFINb2; 1 000 тенге, 5,0 млрд тенге; 28.06.17 – 28.06.20; жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) АҚШ долларының теңгеге бағамын өзгерту бойынша индекстелген облигацияларын жазылым арқылы алғашқы орналастыру бойынша орналастыру жүргізді. Аталмыш облигацияларға жазылым жүргізу кезінде сатушы ретінде олардың эмитенті (әрі қарай – Сатушы) қатысты. Ұсынылған облигациялардың номиналдық көлемі – 1,0 млрд теңге. Өтінімдерде облигациялардың номиналдық құнынан және данамен көрсетілген облигациялар санының "таза емес" бағасы көрсетілді. Сатып алушылар үшін берілген өтінімдерде жазылым өткізу шарттары белгіленбеген. KASE сауда-саттық жүйесіне өтінімдерді жинауды аяқтау кезінде 1 077 303 облигацияны сатып алуға 37 өтінім келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардың тарапынан 136 719 облигацияны сатып алуға 35 өтінім келіп түсті, брокерлік-дилерлік компаниялар клиенті тарапынан – заңды тұлғалар – 940 584 облигацияны сатып алуға екі өтінім. Барлық өтінімдер белсенді деп танылды. Берілген өтінімдердің минималды бағасы бір облигацияға - 970,1 теңге, максималды – 980,2 теңге . Жазылым жүргізу кезінде қосынды сұраным 1,1 млрд теңгені құрады және сұраным көлемін 7,8 % арттырды. Заңды тұлғалар тарапынан сұраным 918,6 млн теңгеге бағаланды (сұранымнан 87,3 %), басқа жеке тұлғалардан – 134,0 млрд теңге (12,7 %) құрады. Орналастыру нәтижесі бойынша эмитент 000 000 облигацияны орналастыра отырып, 976 852 791,37 теңгені тартты. Барлығы 37 мәміле жасалды. Заңды тұлғалардың шотына жалпы сомасы 842,8 млн теңгеге 863 281 облигация, ал заңды тұлғалардың шотына – 134,0 млн теңгеге 136 719 облигация келіп түсті. Барлығы онрналастыруға KASE қор нарығының төрт мүшесі қатысты. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі " АҚ (Алматы) мәліметтеріне сәйкес осы орналастыру бойынша барлық мәмілелер сауда-саттық қорытындысы бойынша есептесулер аяқталған сәтте орындалды, жазылым аяқталды. [2017-07-21]