"Қазақстан Даму Банкі" АҚ сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (BRKZs1) ислам облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
03.08.17 10:53
/KASE, 03.08.17/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақстан Даму Банкі"
АҚ (Астана) сукук "аль-Мурабаха" MYBVI1202859 (KASE негізгі сауда-
саттық алаңы, "облигациялар" санаты, BRKZs1; 240,0 млн малазия ринггиті;
03.08.12 – 03.08.17, кірістілігі, жылдық 5,50 %, actual/365) ислам
облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты
2017 жылдың 03 тамызынан бастап KASE ресми тізімінен шығарылғаны
туралы хабарлайды.
Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2012 жылдың 17 тамызында
"рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша
енгізілген, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің негізгі
сауда-саттық алаңының "облигациялар" санатында тұрған. Олардың сауда-
саттықтары 2009 жылдың 27 тамызынан бастап ашылған.
[2017-08-03]